Тапсырмалар уақытылы атқарылуы тиіс

Тапсырмалар уақытылы атқарылуы тиіс
Бүгін аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиевтің төрағалығымен кеңейтілген кеңес отырысы өтті. Кеңеске дербес бөлім басшылары және тиісті мекеме басшылары қатысты.
Отырысқа төрағалық еткен аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы қысқы маусымда қыстақтар мен жеке тұрғындарда мал азығының жетуі, көктемгі су тасқынының алдын алу жөнінде жүргізіліп жатырған жұмыстар турасында жауапты сала мамандарының хабарламасын тыңдады.
Алдымен қыс мезілінде мал азығының жетуі турасында аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Қанат Мұханов хабарлама жасады.
Сала басшысының айтуынша ауданда мал азығы жеткілікті деңгейде. Қазіргі таңда аудан бойынша шаруашылықтарда 3 200 тонна қосымша шөп (резерв) қоры бар. Жеке тұрғындарда да шөп қоры таусылмаған. Мал азығы тапшылық еткен жағдайда қыстақтарда қосымша жиналған шөп қорынан жекелерге сату көзделіп отыр. Ауа райының қолайсыздығынан мал шығыны болмаған.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы жөнінде тоқталған Қанат Мұратұлы:
– «Ауыл аманаты» бойынша былтырғы жылы игерілмеген қаржыға екі жоба ұсынылып, бау-бақша егу бағытында жұмыстануда. Биыл аталмыш бағдарлама бойынша 363 млн. теңге алу жоспарда бар. «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға ниетті тұрғындарға түсінік жұмыстары жүргізілуде, - деді.
Жиында төтенше жағдайлардың алдын ату бағытында жүргізіліп жатырған жұмыстар жөнінде баяндаған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мэлс Искаков көшелерде жиналған қардың ауыл сыртына шығарылуы баяу жүріп жатқандығына қынжылыс білдірді. Сонымен қатар көше жолдарындағы суағар құбырлары мұздардан тазалануы қажеттігі айтылды.
Аудан басшысы Қ.Сүйеуғалиев көктемде өзен сулары таситын уақыттан бұрын Аққозы, Қаракөл, Саралжын ауылдық округтеріндегі науқас адамдар мен жүкті әйелдерді аудан орталығына жеткізуді, төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған құрал-жабдықтамен қамтылуын қатаң қадағалауды тапсырды.
Отырыс барысында аудандық бюджет қаржысының уақытылы игерілуі жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Нұрмағанбетов, аудандағы эпидемиологиялық ахуал жөнінде аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы М.Аманжановалар баяндап өтті. Сонымен қатар, жиын барысында әскери борышын өтеуге шақырылушылар, мәдени шаралардың өтуі, білім беру, денсаулық сақтау, ветеринария салалары бойынша туындаған сұрақтар бойынша тиісті сала басшылары жауап берді.
Кеңейтілген кеңес отырысын қорытындылаған аудан басшысы Қ.Сүйеуғалиев «Қаладан ауылға» бағдарламасы бойынша қарқынды жұмыс атқарылу қажеттігін атап өтіп, туындаған мәселелер бойынша тиісті бөлім басшылары мен мекеме басшыларына тапсырмалар жүктеді.