Аудан әкімі мен ауылдық окургтер әкімдерінің ауыл тұрғындары алдындағы есепті кезздесуі ақпан айының 16-сы күні Қаратөбе ауылдық округінде жалғасты.
Кездесу барысында ауылдық округ әкімі Берікқали Муса есепті кезеңде округте атқарылған жұмыстарды баяндап, алға қойылған міндеттер мен жоспарлы жұмыстарға тоқталды.
– Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы есепке сай ауылдық округте 6457 халық тұрады. Қаратөбеде-4305, Шөптікөлде-1070, Үшағашта-558, Соналыда-524 тұрғын бар.
Елді мекендердегі басты мәселе елдің елдігін көрсететін ауыл тазалығын сақтау жұмыстары өте маңызды Осы бағытта округте бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау полигонына шығару, полигонды жайластыру жұмыстары "Бақыт жолдары" ЖШС-не сенімгерлік басқаруға берілді.
Қаратөбе аудандық мәслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы №24-9 Шешімімен бекітілген тарифке байланысты ауыл тұрғындары жыл басынан бастап "Бақыт жолдары" ЖШС-іне 1 м3 қатты тұрмыстық қалдық үшін 184,76 теңге, мекемелер бойынша 2015,6 теңге төлем төлейді. Осы бекітілген тарифті негізге ала отырып, мекемелермен келісім шарт жасақталды. Сонымен қатар, Қаратөбе, Шөптікөл, Соналы және Үшағаш ауылдарындағы полигон айналасындағы үйінділерді жою мақсатында "Асылжан" ЖК-мен жасақталған келісім шартқа сай жұмыстар жүргізілді.
Қаратөбе ауылына спорт алаңын салу, «Шөптікөл ауылының көшелерін ҚТҚ контейнерлерімен толықтыру» жобасы бойынша Қаратөбе ауылына 6 орынға контейнерлер орнату, Қаратөбе ауылына 6 бейнебақылау қондырғыларын орнату, 10,35 км Қаратөбе ауылішілік аутомобиль жолдарын күрделі жөндеу,Қаратөбе ауылына 2 балалар ойын алаңын салу, Үшағаш ауылына шағын футбол алаңын салу, 150 бағананы күрделі жөндеуден өткізу немесе ауыстыру, Қаратөбе ауылына кіре берісті көгалдандыру және қоршау,СЭС паркінің қоршауын ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланды, - дейді ауылдық округ әкімі Берікқали Жақсылықұлы.
Аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев есепті кезеңге дейін аудандағы салалар бойынша жүзеге асырылған жұмыстарды баяндап, алда да атқарылатын ауқымды жұмыстарға тоқталды.
Кездесуде Шөптікөл ауылының тұрғыны Нұржан Ахметов аудан орталығына елді мекендерден көліктерімен келетіндер ауыл шетіндегі жол қиылысына қоқыстарын тастап кететінін айтып, қынжылды. «Ауылдың тазалығы баршамызға ортақ. Екінші бір мәселе округте мал бағымын ұйымдастыру жолға қойылмай келеді. Мал жайылатын жерден шөп шабуға болмайды. Шөп шабуды дер кезінде бастауымыз керек. Алғаш шабылған шөптің құнарлы болатындығын ескергеніміз жөн.
Үшінші: жұмыстарды жандандыруымыз керек Қазір кәсіп ашып жатырғандарға 2,5 пайызбен несие беріліп жатыр. Ол үлкен жеңілдік. Жайлымымыз, суымыз бар, Тартынбай істерді қолға алатын кез келді», -
деген пікірін ортаға салды.
Қаратөбе ауылының тұрғыны Бекболат Опиев өзі тұратын көшеде жарық шамдарының жанбайтынын, соған байланысты үйінің маңын жарықтандыру үшін өз қаражаты есебінен жарық шам орнатқанын, көшедегі контейнерлердің айналасының тазалығының төмендігі турасындағы ойын жеткізді. Көп бабалы ана, ауыл тұрғыны Қарлыға Орынбасарова 67 үйден алған жаңа үйінің төбесінен су тамшылайтытын айтып, жөндетіп беруге,
Қаратөбе ауылының тұрғыны Наурызбек Шұқанов шаруашылығын кеңейту мақсатына пайдалануға жер теліміне алуға өтініш жасады.
Аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев тұрғындар тарапынан қойылған пікірлер мен, өтініштерді заң шеңберінде орындауды тиісті құзырлы мекемелер басшыларына тапсырды.