
01 ақпан 2024 жылы Халықаралық сайлау күніне орай, Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясында «Ашық есік күні» өткізілді.
Аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері ауыл тұрғындарына сайлау жүйесі жөнінде, ауданымыздағы өткен сайлаулар туралы ақпараттар беріп, Конституциямен кепілдендірілген демократиялық бостандықтарды пайдалана отырып, сайланған өкілдері арқылы мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндігін түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.