Колледж студенттері тәжрибелерін шыңдады

Колледж студенттері тәжрибелерін шыңдады
25 қаңтарда Қаратөбе колледжінде «Жол жүру ережесін білу – жол апатына ұшырамаудың кепілі» тақырыбында студенттердің жол ережесі туралы білімін тереңдету, жол ережелерін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, өндірістік сабақтарда және жалпы қоғам өмірінде жол-көлік қозғалысы ережелерін қатаң сақтау дағдыларын дамыту мақсатында дөңгелек үстел оздырылды.
Дөңгелек үстелді колледж директорының міндетін атқарушы Бауыржан Қалиев алғысөзбен ашты.
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі, жол жүріс қағидалары, бағдаршам бағдарына жіті назар аудару және тағы да басқа негізгі ережелерді сақтау дағдыларына сай интерактивті тақта, слайд және бейнеролик арқылы түсіндірме жұмыстары жүрді.
Аталмыш дөңгелек үстелдің жоспарына сәйкес колледждің өндірістік оқыту шебері Абзал Елбаев слайд және бейнежазба арқылы іс-шараның тақырыбына сай жол қауіпсіздігі туралы түсініктер берді.
– Елімізде көліктер саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Соған байланысты жол жүру қозғалысы да бірнеше есе артты. Көшедегі және жолдардағы жағдай күрделенуде. Жол көлік оқиғалары қауіпі күннен күнге арта түсуде, оның зардабын жолаушылар шегуде. Оған себеп: көлік жүргізушілердің жол жүру ережелерін сақтамауы және асығыстыққа бой алдырып қозғалыс жылдамдығын арттыруы және бағдар шамдар белгісіне мән бермеуі. Ертеңгі маман иелері сіздер болашақ көлік тізгінінде осындай қателіктер мен салғырттыққа жол бермеулеріңіз керек. Міне, осы мақсатта біз бүгін атаулы іс-шараның тақырыбына сай дөңгелек үтелде бас қосып отырмыз, - деді білім ордасының өндірістік оқыту шебері Абзал Жайғалиұлы.
Студенттер дөңгелек үстелге арнайы шақырылған аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Ержан Бақтығалиевке сауалдар қойды. Студенттер мен мамандар өзара пікір алмасып студенттер пайдалы кеңестер алды.
Ержан Байжанұлы механизатор мамандығы бойынша қойған студенттердің сауалдарына тиісінше жауаптар берді. Студенттер тарапынан трактор жүргізу куәлігін алу тәртібі, трактор жүргізуші куәлігін алу үшін аутокөлік куәлігінің болуы шарт па? Және тағы басқа бірқатар саулдар қойылды.
Арнайы оқу бөлмерінде студенттер компьютер арқылы сынақ тапсырумен танысты. Интерактивті тақтадан жол ережелерінің сақталу туралы көріністер арқылы өз ойларын жеткізді.
Іс-шара теориялық бөлімнен тәжрибе бөліміне жалғасты. Мұнда студенттер колледж ауласына түрлі жол белгілер мен бағдаршам орналастырылған көлік жүргізетін алаңда өндірістік оқыту шебері Абзал Елбаевтың қадағалауымен көлік жүргізудегі тәжрибелерін шыңдады.