
Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясы және №272 учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің ұйымдастырумен Жусандой ауылдық мәдениет үйінде жоғары сынып оқушыларымен патриоттық тәрбие мен азаматтық жауапкершілікті арттыру бағытында "Мен және менің дауысым" атты кездесу өткізілді.
Аталған шараны өткізудің басты мақсаты – жоғары сынып оқушыларына сайлау жөнінде толыққанды ақпарат беру, олардың саяси, заңдық сауатын жетілдіру, сайлау процессі, әрбір азаматтың дауысының маңыздылығы туралы және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға дұрыс көзқарасты қалыптастыру болды.
Ісшара барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ербол Бақытжанов сайлау жүйесіндегі атқарылған жұмыстар мен жаңалықтар туралы хабарлама жасап, оқушыларға сайлау жүйесі туралы түсінік берді.
№272 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасы Еркебұлан Габдуллиннің басшылығымен, оқушыларды қатыстыра отырып дауыс беру процесстерінен көріністер көрсетіліп, сайлау күні ұйымдастырылды.
Жоғары сынып оқушылары өздерінің сұрақтарын қойып, сайлау жүйесімен танысып жарасымды кездесу оздырылды.