
Қаратөбе ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында ағымдағы жылдың 29 қаңтар күні «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ы филиалының Қаратөбе аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінде Қаратөбе ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы Д.Оразақаев пен аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі С.Зейнуллиннің қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң талаптарының сақталуын, қызмет көрсету мерзімінің бұзылмауына және мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуі бойынша қоғамдық қабылдау жүргізілді.
Қабылдау барысында қызмет алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қоғамдық қабылдау жоспарға сай тоқсанына бір рет жүргізіліп тұратын болады.