
Қаратөбе ауданында «Ауыл аманаты» ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жоба 2023 жылдан бері жүзеге асырылуда. Жобаны ауыл халқына түсіндіру мақсатында Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Мұханов 2024 жылдың 29 қаңтарында Сулыкөл ауылдық округіне қарасты Үшана, Төлен ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, несие алу шарттарын түсіндірді.
Бағдарламаның мақсаты ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту болып табылады. Несие алу келесідей басым бағыттарға: сүтті бағыттағы мүйізді ірі мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, бау-бақша, құс шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу, шағын кәсіпкерлікті дамыту және МІҚ және ҰМҚ малдарын бордақылауға түскен өтініштер бойынша беріледі.
Микрокредиттер сенім білдірілген өкіл (агент) «Aqjaiyq» ӘКК арқылы беріледі.
Микрокредиттер алуға үміткерлер болып табылады:
Микрокредит берудің шарттары мынадай:
1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 2500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін – 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін.
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) %-дан аспайды;
4) кепілдік қамтамасыз етудің болуы;
5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;
6) микрокредиттеуге мақұлдау алғаннан кейін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу.