Колледжде мұз айдыны ашылды
Бүгін Қаратөбе колледжінде мұз айдының ашылуы салтанатты түрде өтті. Салтанатты жиынға Қаратөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Әлібек Қанафин қатысты.
Коледжде жыл сайынғы игі дәстүрге айналған мұз айдынының ашылуына колледж ұжымы мен студенттері қатысты.
Мұз айдынының ашылу салтанатын Қаратөбе ауылдық округінің әкімінің орынбасары Әлібек Есенжанұлы мен Қаратөбе колледжі директорының міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Мәлікмағзарұлы құттықтау сөзбен ашты.
«Спорт - денсаулық кепілі» -демекші келешек ұрпақтың денінің сау болуы қоғамдағы басты мәселенің бірі.
– Студенттеріміздің уақытын тиімді өткізу мақсатында колледжде көптеген іс-шараларды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі мұз айдынының ашылуы жастарымызды қуантып отыр. Мамандар даярлауда алдағы уақытта жоспарлаған жұмыстарымыз жетерлік. Мұз айдынына келушілерге жол ашық. Мұзда сырғанап жаттығамын деушілерге толық мүмкіндік бар. Кешкісін айналасын жарықтандырып тұратын жарық шамдарымыз бар. Жұмыстан кейін келіп жатығуға толық мүмкіндік жасалған », -дейді колледж директорының міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Қалиев. «Жас келсе іске ...» деген осы болса керек.
Колледж студенттері мұз айдынында сырғанап, түрлі ойындар көрсетіп, шеберліктерін таныта білді. Ойындар арасында спортшы жастар ыстық шай ішіп жылынып, бауырсақтан дәм татты. Осының бәрін колледж басшылығы ұйымдастырған. Бұрыннан бірлігі бекем оқу орнының бүгінгі тірлігі де көңілге жылу ұялатады.