Аудан әкімінің шыршасы

Аудан әкімінің шыршасы

Аудан әкімінің шыршасы

Бүгін аудандық мәдени демалыс орталығында есігімізден еніп, төрімізден орын алғалы тұрған Жаңа жыл мерекесіне орай оқуда, өнерде, спортта жетістікке жеткен, аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және ерекше білім беруді қажет ететін балалар арналған аудан әкімінің шыршасы өтті.

Жаңа жылдық мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтан, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Салахаден қатысты.

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасына ауданның барлық мектептерінен оқушылар қатысты.

Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтан сөз сөйлеп, аудан әкімі атынан балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

– Еліміздің жарқын болашағы, ата-аналарыңның бақыты мен қуанышы да өздерің. Сондықтан да әрқашан, ата-аналарыңызды қуантыңыздар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңыздар! Бүгінде жасампаз істердің барлығы сіздердің жарқын болашақтарыңыз үшін жасалуда.

Жаңа жылда бәріңе мол игілік пен жарқын болашақ тілеймін. Балалық шақтарың базарлы, өмірлерің ажарлы болсын. Жаңа жылда армандарың орындалып, тәуелсіз елімізбен бірге өсіп-өркендей беріңдер, – деген аудан әкімінің орынбасары балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.

Әкім шыршасында Аяз ата, Ақшақар және түрлі ертегі кейіпкерлері жиналғандарға көңіл күй сыйлап, мерекелік кеш думанға ұласты. Әсем әндер айтылып, қойылымдар орындалды.

Аудан әкімінің балаларға арналған шырша тойы кішкентай бүлдіршіндер үшін өте қызықты және есте қалатындай деңгейде ұйымдастырылды.