Жерлес жазушылардың кітаптары таныстырылды

Жерлес жазушылардың кітаптары таныстырылды

Жерлес жазушылардың кітаптары таныстырылды

Қаратөбе ауданының құрылғанына 95 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жерлес ақын – жазушыларымыз, «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы» Тілекқабыл Сағыновтың «Құт дарыған Қаратөбе» және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ертай Бимұхановтың «Қаратөбеге барсаң ...» атты кітаптарының тұсаулары кесілді.

Іс-шараға қатысушылар кітапхана залындағы аудан тарихына байланысты әр кездерде шыққан энцеклопедиялық анықтамалықтар, шығармашылық жұмыстар мен танымдық туындылар қойылған көрмені тамашалады.

Ауданның әркезеңдердегі өмірінен сыр шертілген және қасиетті Қаратөбе топырағынан шыққан белгілі тұлғалардың өмірі мен еңбектері дәріптелген қос кітаптың лентасын қию рәсімін аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев пен ақын-жазушы Ертай Бимұханов жүргізді.

Салтанатты іс-шараға шақырылған қонақтардың, кезінде әртүрлі салаларда елге елеулі еңбек еткен ардагер аға-апаларымыздың алдында құттықтау сөз сөйлеген аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы ауданның мерейтойына арнап кітап шығарған Тілекқабыл Сағынов пен Ертай Бимұхановқа ризашылығын білдірді.

- 95 жылдық тарихи кезеңінде аға ұрпақтың атқарған еңбектерін, тәуелсіздік ұрпақтары осы күнге дейін жалғап келе жатырғандығына барлығымыз куәміз. Бүгінгі таңда Тәуелсіздігіміздің арқасында қазіргідей заманға жетуіміздің өзі үлкен еңбек деп білемін.

Салтанатты шараға ауданның дамуына еңбегі сіңген аға ұрпақ өкілдері келіп, қатысуда.

Қасиетті Қаратөбеміз гүлденіп көркейе берсін. Ауданның 95 жылдығын бірге атап өтуге атсалысқан қонақтарымыз бен барша іс-шараға қатысушыларды аудан тарихындағы айтулы мерекемен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, сәттілік тілеймін!-деді аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.

Мерекелік іс-шара орталық алаңдағы «Аллеяның» ашылу салтанатына ұласты.