
Жаңа жедел жәрдем көліктері берілді
Қаратөбе ауданының 95 жылдығына орай
аудандық ауруханаға 4 жедел жәрдем көлігі және 1 жеңіл автокөлік кілттері табысталды.
Көліктер медициналық мекемелерді материалдық- техникалық
жағынан барынша жабдықтау мақсатында жергілікті бюджеттен алынған.
Бұл қызметтік автокөліктер Қоскөл, Жусандыой дәрігерлік амбулаторияларына жене аудандық ауруханаға берілді.
Автокөліктердің кілтін табыстау рәсімін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрділда Серікұлы жүргізді.