Қалдығайты мектебіне күрделі жөндеу жүргізілуде

Қалдығайты мектебіне күрделі жөндеу жүргізілуде

Сулыкөл ауылдық округіндегі Қалдығайты орта мектебі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталды.

Аудандық білім беру бөлімінің мәліметі бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде мердігер «Жиенбай» ЖШС жеңімпаз болып анықталды.
Қазіргі таңда күрделі жөндеу жүріп жатырған нысанға республикалық бюджеттен 328 млн. 381 мың теңге бөлінген.
Мердігер компания арадағы келісім шарт негізінде жергілікті тұрғындардан 41 жұмысшы жұмысқа тартылуда.
Жөндеу жұмыстарының техникалық қадағалаушысы болып «Күмбез» ЖШС белгіленген.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан нысанның құрылыс жұмысы 4 ай жарым уақытта аяқталмақ.