
Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мәжіліс залында аудандық кітапхананың кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ! » атты дөңгелек үстел оздырылды.
«Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16-ы күні» акциясы аясында ұйымдастырылған шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Набиоллаұлы, Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп- гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Қанат Мұратұлы, аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрберген Жоламанов, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің инспекторы Әсем Қайратқызы және кітапхана қызметкерлері, аудан жастары қатысып, қоғамдағы мән-мағынасы жоғары мәселелерді талқылады.
Шараның жалпы мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік мекемелермен қоғамдық бірлестіктердің адам құқықтарын қорғау бағытындағы күш - жігерін біріктіру қызметін жандандыру болды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясындағы өз пікірлерін ортаға салды.
Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің инспекторы Әсем Қайратқызы зорлық - зомбылыққа қарсы белсенді іс- қимыл шараларын жүргізу қажеттілігіне баса назар аудару керектігін, өзінің лауазымдық және қоғамдық өкілеттіктері шеңберінде үнемі әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарға нақты көмек пен қолдау көрсету қажет екенін атап өтті.
Кеш соңында Жастар ресурстық орталығының психологы Динара Қайырлықызы тренинг ұйымдастырды. Аталмыш іс-шара бейне-роликпен аяқталды.