
30 қарашада аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Алдымен 15 қыркүйектегі №9 хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы аудан әкімі аппаратының ТЖ жөніндегі бас инспектор Нұржан Сахиповтың хабарламасы тыңдалды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе құлақтандыру және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша проблемалық мәселелерді пысықтау бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мэлс Искаков пен «Қазақтелеком» АҚ филиалы «Желі дивизионы» бірлестігі Батыс Қазақстан қатынау желісін пайдалану департаменті жергілікті желіге техникалық күтім көрсету орталығы Қаратөбе желі-техникалық учаскесі бастығы Санат Зейнуллин хабарлама жасады.
Отырыста қаралған екінші мәселе аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық және эпизотиялық жағдайы, ауыз су, тамақтардың және кәріз жүйелерінің бактериологиялық, вирусологиялық жай-күйі туралы сөз аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мағия Аманжанова баяндап берді.
Жылыту қазандықтарын жеке тұрған ғимараттарға шығару мәселесі бойынша аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Іңкәр Есқазиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Салахаден, аудандық аурухана директоры Ербол Меңдіғалиевтардың хабарламалары тыңдалды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы округ әкімдері мен тиісті мекеме басшыларына көтерілген мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді.