Қыс мезгіліне дайындық пысықталды

Қыс мезгіліне дайындық пысықталды

Қаратөбеде қысқы маусымға дайындық жөнінде жиын оздырылып,  "Қыс-2023" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар жүрді.  Қаратөбе ауданы орталығы іргесіндегі оқу-жаттығу алаңында қысқа дайындық  жұмыстары пысықталды.

Оқу-жаттығу алаңында ТЖҚ, АҚ қызметтері, құрама жедел ден қою жасағы, АҚ құрамалары; ұйымдар мен кәсіпорындардың төтенше жағдай орнаған кезде алдын алу шарасына дайындығы пысықталып, төтенше оқиға болған жағдайда құтқару жұмыстарына жауапты салалардың арнайы құрал-жабдықтары таныстырылды.

 Аудандық азаматтық қорғау қызметінің жасақтары арнайы қысқы киім үлгісі мен құрал-саймандарын таныстырып, төтенше жағдайдың алдын алу барысындағы міндеттерді баяндады.

Жасақтардың дайындық жұмысын аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев қадағалады.

Сонымен қатар, азаматтық қорғау қызметінің басшыларымен кездесіп, тиісті тапсырмалар берді.