
16 қараша күні ауданымызға Батыс Қазақстан облысының бас имамы Әлібаев Самат Қанатқалиұлы келіп, діни ахуалмен танысты.
Алдымен аудан әкімдігіне келіп, аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтанның қабылдауында болды. Кездесу барысында ауданымызға келудегі сапарымен таныстырып, ауданымызда болып жатырған жағдайлармен танысты.
Ауданға келген мақсаты - діни мәселелерді талқылау, діни тұрақтылықпен танысу екендігі атап өтілді.
Аудан әкімдігіндегі кездесуден кейін аудан орталығындағы мешітте болып, мешіттің жағдайымен танысты. Жиналған жамағатпен кездесу өткізіп, жамағаттың сұрақтарына жауап берді.