
Ағымдағы жылдың 16 қараша күні 2023 жылдың 10 қазанында Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. А. Смайыловтың, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Қаратөбе ауылында орналасқан көп пәтерлі және екі қабатты тұрғын үйлерде «ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.
«ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шарасына Қаратөбе ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, №18 Өрт сөндіру бекеті, Қаратөбе аудандық Полиция бөлімі, «КазТрансГазАймақ» АҚ өкілдері, еріктілер және БАҚ өкілдері қатысып, тұрғындарға жадынамалар таратылды.
«ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты - тұрғындарға өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру және қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан туындайтын оқыс оқиғаладың алдын-алу.