
14 қараша күні аудан орталығындағы Ғ.Құрманғалиев атындағы мәдениет үйінде қойылым болып өтті. Қойылым облыстық әкімдіктің, дін істер басқармасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қолдауымен өткізілген болатын. Идея авторы Х.Бөкеева атындағы театрдың әртісі Нұржігіт Сейтмахамбетов.
Қойылымның негізгі мақсаты қоғамдық дертке айналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде халыққа түсіндіру екендігі атап өтілді.
Осы шараға арнайы келіп қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан театр әртістеріне қойылым үшін алғысын білдірді.