
15 қараша күні аудандық мәдениет үйінде Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Естай Рашқалиев, Батыс Қазақстан облыстық Адвокаттар алқасының адвокаты Сатыбалды Уразбаев, Батыс Қазақстан облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Гүлшат Мусағалиева, Батыс Қазақстан облысы Адвокаттар алқасының адвокаты Балжан Мақашева, Бөрлі ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімнің басшысы, аға сот орындаушысы Жазира Нагиева, Батыс Қазақстан облысының Нотариаттық палатасының жекеше нотариусы Манат Орынтаев аудан тұрғындарын қабылдады.
Қабылдауға 20-ға жуық аудан тұрғындары келіп, өз өтініштерін айтып, кеңестер алды.
Тұрғындар әлеуметтік мәселер, алимент өндіру, тұрғын үй және тағы да басқа өздерін мазалап жүрген мәселелер бойынша өтініштерін айтып, тиісінше жауаптар ала алды.