
Қарашаның 14-і күні аудандық мәслихаттың VIII шақырылымдағы кезектен тыс VIII сессиясы оздырылды.
Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Меңдешов төрағалық етті.
Сессияның күн тәртібіне 8 мәселе қойылды.
Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетовтың, Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бекболат Бердіғалиевтің, Қаратөбе аудандық мәслихат аппаратының басшысы Жора Жанғазиевтің, Қаратөбе аудан әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару (кадр) қызметі және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспектор-заңгері Венера Губайдуллинаның, Қаратөбе ауданы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрбол Бозовтың хабарламалары тыңдалды.
Сессияны қорытындылаған аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев аудан әкімі сайлауы ауданда алғаш рет пилоттық жобада өткенін, осы саяси додада аудан сайлаушыларының өзіне үлкен сенім білдіргеніне ризашылығын жеткізді. Ауданда атқарылған жұмыстарды бірлесе жүргізуге атсалысқан аудандық мәслихат депутаттарына да алғысын білдірді.