Қаржыгерлер марапатталды

Қаржыгерлер марапатталды

15 қараша –  Ұлттық валюта күні. Бұл күн қаржыгерлердің де төл мерекесі екенін айта кету керек. Осынау күнді өңір қаржыгерлері салтанатты түрде атап өтті.

Мерекелік шарада сөз алған аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев төл мерекемен құттықтады.

БҚО әкімі Н.Төреғалиұлының алғыс хатымен Сулыкөл ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Уәлихан Жұмаев, Қаратөбе ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Асхат Абденов марапатталса, облыс әкімінің орынбасары Т.Каюповтың алғыс хатына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Айгүл Ақкереева ие болды.

Аудан әкімінің алғыс хатымен қаржы саласының ардагерлері Қайрат Шаймарданұлы,  Рая Мусағалиева марапатталса,  аудандық білім беру бөлімінің есепшісі Еркін Байболатұлы, Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы  Жарасхан Нұрланұлы, Қаратөбе ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Нұрдаулет Қайратұлы, Қаракөл ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Аян Қуанышқалиұлы, Аққозы ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Айкөркем Жандыбайқызы аудан әкімінің алғысына бөленді.

 Облыстық қаржы басқармасы басшысының алғыс хатымен Саралжын ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Ақмарал Болатқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Еркін Нұрлыбайұлы, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Жанар Қыдырбайқызы марапатталса, облыстық экономика және стратегия басқармасы басшысының алғыс хатымен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің есепшісі Тәңірберген Амангелдіұлы марапатталды.

Салтанатты кеш концерттік бағдарламаға ұласты.