
7 қараша күні Қаратөбе ауданы орталығындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мәжіліс залында «Республикалық ауыл шаруашылығы ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Лавр Хайретдиновтың қатысуымен жиналыс оздырылды.
Жиналысқа ауданның ауылшаруашылығы саласының өкілдері және Батыс Қазақстан облысы әкімінің Қаратөбе ауданы бойынша өкілі Ғарапша Сахипов қатысты.
Айтулы жиналысты аудан әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде "Облыстық ауылшаруашылығы ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің Қаратөбе аудан бойынша филиалын ашу, филиалдың Жарғысын құру мәселесі талқыланды.
Жиынға қатысушылар өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойды.
Аталмыш қоғамдық бірлестіктің аудандық филиалының төрағасы болып, Аққозы ауылдық округіндегі «Қоржын» шаруа қожалығының жетекшісі Құсайын Мұқанов тағайындалды.