Grants for the implementation of new business ideas for young entrepreneurs (up to 29 years inclusive)

Grants for the implementation of new business ideas for young entrepreneurs (up to 29 years inclusive)

Жас кәсіпкерлер үшін (29 жасқа дейін қоса алғанда)  «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға арналған гранттар беру үшін өтінім қабылдау басталды.

Конкурсты ұйымдастырушы: «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ.

Конкурс нышаны: ашық конкурс.

Конкурсқа ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – жасы 29-ға (қоса алғанда) дейінгі, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 жылдан аз мерзімді құрайтын кәсіпкерлер қатыса алады.

Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 5 млн теңгеге дейін.

Бизнес идеяның жаңашылдығы және жаңа жұмыс орындарын құру міндетті шарт болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: ЖК тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі, сұралған соманың 20% мөлшерінде қаржыландырылғаны туралы анықтама, «Бизнес Бастау» оқуын өткені туралы сертификат және бизнес-жоспар.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны: kezekte.kz ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

Өтінімдерді беру мерзімі: 2023 жылғы «01» қарашасынан бастап 2023 жылдың «7» қарашасына дейін.

https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kasipkerlik/press/news/details/644181

Толық ақпаратты «Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сінен алуға болады, тел: 31199.