
1 қараша күні Қаратөбе ауданының 95 жылдығына орай аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 2010-2011, 2012-2013 жылдары туылған кіші жасөспірімдер арасында бокстан аудандық ашық біріншілік басталды.
Турнирге Орал қаласындағы «Жекпе-жек» спорт мектебінің шәкірттері және Бөкей ордасы, Сырым, Бәйтерек, Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарынан 50-ге жуық жас боксшылар қатысуда. Жасаөспірімдер арасындағы жарыс сегіз салмақ дәрежесінде өтуде.
Аталмыш турнирді аудан әкімінің міндетін атқарушы Жасұлан Сұлтан алғы сөзбен ашып, турнирді ашық деп жариялады.
Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген ұлттық дәрежедегі төреші Ербол Мырзахметов жарысқа қатысушы жас спортшыларға сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.
Жарыс 30 келі салмақ дәрежесіндегі шыңғырлаулық Нұрсұлтан Нұрланұлы мен Бөкей ордалық Азат Нұрболаттың жекпе-жегімен бастау алды.
Аудандық ашық біріншілік 2 қараша күні де жалғасатын болады.