«Ауыл аманатының» жобасының алғашқы нәтижесі

«Ауыл аманатының» жобасының алғашқы нәтижесі

«Ауыл аманаты» жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылдың 26 қарашасындағы №1 «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды. 28 қазан күні «Ауыл аманаты» жобасы аясында, Қоскөл ауылдық округінде Жұмашев Мерхат Орынбайұлының бастауымен, «Әдемі-Мөлдір» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі «наубайхана және шикі ет өнімдерін дайындау цехы» құрылды. Наубайxана нан пісіруге қажетті барлық заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған.

Наубайханың ашылуына «Ақжайық Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы Қазбек Асанұлы және Қаратөбе ауданы әкіміне үміткер Қадыржан Орынбасарұлы арнайы қатысып кәсіпкерге жылы лебіздерін білдіріп, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.

Ауыл ақсақалы Серік Нығметов құттықтау сөз сөйлеп, ыстық ықыласын жеткізді. Әрі қарай лента қию рәсімі «Әдемі-Мөлдір» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Мерхат Жұмашев және ауыл ақсақалы Даниял Қаресовке берілді. Ауыл ақсақалы лентаны қиып, кәсіпкерге және ауыл тұрғындарына ақ батасын берді.

Ашылу салтанатына қатысқан тұрғындар наубайхана жұмысымен танысып, кәсіп иесінің ыстық нандарынан ауыз тиді. 

"Қаратөбе өңірі" газеті