Мерекелік сайыс

Мерекелік сайыс

Жуырда аудандық денешынықтыру-сауықтыру кешенінде  25  қазан - Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай садақ ату,  асық ату және бес асықтан аудан біріншілігі оздырылды.

Мерекелік іс-шараның ашылу салтанатында мемлекеттік гимн ойнатылып, мемлекеттік ту көтерілді.

Спорттық іс-шарада аудан  әкімінің  міндетін атқарушы Жасұлан Сұлтан сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік  тіледі.

Жарыс қорытындысында асық атудан бірінші орын «Қаратөбе» спорт клубына, 2 орын Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебіне, үшінші орын Бақытжан Қаратаев атындағы Саралжын  орта мектебі командасына бұйырды. Ал, садақ атудан бірінші орынды Қатаратөбе  мектеп-гимназиясы, екінші орынды Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің командасы, үшінші орынды «Қаратөбе» спорт клубы  иеленді.

Ал, бес асықтан қыздар арасынан  бірінші орынды П.Дүйсенова, екінші орынды  М.Кенжеғалиева, үшінші орынды А.Владимирова, садақ атудан  бірінші орынды «Қ.Жұмалиев» атындағы Қаратөбе мектеп- гимназиясы, екінші орынды «Мұхит» атындағы жалпы орта білім беретін  мектебі,  үшінші орынды  «Қаратөбе» спорт клубының командалары иеленді.