
24 қазан күні Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде ұлттық мейрам Республика күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.
Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушы Жасұлан Сұлтан қаратөбеліктерді Республика күні мерекесімен құттықтап, елеулі еңбектерімен көрінген бір топ сала қызметкерлерін марапаттады.
Мерекеге орай ауданның түрлі саласында қажырлы еңбек етіп жүрген Қанат Кәдіржанұлы, Тұрарбек Самиғоллаұлы, Зәмзагүл Байшеркешқызы, Ершат Орынбасарұлы, Равиль Алтайұлы, Марат Асқарұлы, Әділбек Ынтағалиұлы сынды қызметкерлерге аудан әкімінің алғысхаты табысталды.
Салтанатты жиын аудан көркемөнерпаздарының «Еңсесі биік – егеменді ел» атты мерекелік концертіне ұласты.