
Қаратөбе ауданының әкімі Ж.Асантаевтың 12 мамыр 2020 жылғы №64 өкімімен Қаратөбе ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына Бозов Нұрбол Беркінұлы тағайындалды.
Бозов Нұрбол Беркінұлы 1972 жылы Қалдығайты ауылында дүниеге келген, 1993 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын «Агрономия» мамандығы және 2002 жылы Орал еңбек және әлеуметтік қатынастары академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1989 жылы Қалдығайты совхозының жұмысшысынан бастаған.
Сонан соң, 1989-1993 жылдары Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтының студенті.
1994-1995жылдары «Темірбек» ұжымдық кәсіпорынының агрономы.
1995-1996 жылдары Қаратөбе ауданы әкімдігінің әлеуметтік сала және саяси талдау бөлімінің маманы қызметінде болды.
1996-2003 жылдары Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы, мемлекеттік инспекторы, Қаратөбе аудандық еңбек,жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы қызметтерінде болды.
2003-2006 жылдары Қаратөбе аудандық санитарлық эпидемиологиялық басқармасының заң кеңесшісі.
2006-2014 жылдары Қаратөбе аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметінде жасады.
2014-2018 жылдары Қаратөбе аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
2018 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
Жанұялы 3 қыз, 1 ұлы бар.
Аудан әкімі,Бозов Нұрболды жаңа қызметімен құттықтай келе, бөлім