Мекеме ұжымымен кездесу өтті

Мекеме ұжымымен кездесу өтті

Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев жұмыс жоспарына сәйкес ауданымыздағы Қаратөбе аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және «Ұлттық сараптама орталығы» БҚО бойынша филиалының Қаратөбе аудандық бөлімшесі мекемелерінің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында мекеме басшысы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар, аудан әкімі мекеме қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.