Тұрғындардың ұйымдастыруымен алғаш рет көше тойы өтті

Тұрғындардың ұйымдастыруымен алғаш рет көше тойы өтті

15 қыркүйек күні Қаратөбе ауылының С.Датұлы және №3 көше тұрғындарының ұйымдастыруымен алғаш рет көше тойы өтті. Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев бірлігі жарасқан көше тұрғындарына игілікті шара үшін ризашылығын білдіріп, салт-дәстүрге сай тұсау кесу рәсімін жасады. Сонымен қатар, көше балаларына спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Осындай көше мерекелері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.