
Аудандық мәдениет үйінде өткізілген жерлес ақын Ертай Бимұхановтың «Жүрегімнің астанасы- Қаратөбем» атты әдеби сазды кеші өтті. Алдымен кеш қонақтары көрмемен танысты. Әдеби сазды кеште өнер иесін аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев мерейлі жасымен құттықтап, аудан тұрғындары атынан сый-сияпат көрсетті. Сонымен қатар, кеш барысында Ертай Сағындықұлының өнердегі әріптестері ақжарма тілектерін білдірсе, жас өрендер ақынның шығармаларынан үзінді өлең шумақтарын оқыды.