Аудан әкімі Егіндікөл ауылдық округінің активіне жаңа әкімді таныстырды

Аудан әкімі Егіндікөл ауылдық округінің активіне жаңа әкімді таныстырды

13 қыркүйек күні аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев Егіндікөл ауылдық округінің активіне жаңа әкімді таныстырды. Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі шешімімен Егіндікөл ауылдық округі әкімінің лауазымына Тналиев Екпін Батырханұлы сайланды.

Аудан басшысы жаңа әкімді құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар,  Егіндікөл ауылдық округінің әкімі лауазымында болған Ермек Бекболатұлының атқарған қызметіне өз алғысын білдірді.