Қаратөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу

Қаратөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу

Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев жұмыс жоспарына сәйкес Қаратөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан ауыл тазалығы, мал бағымын жүйелі ұйымдастыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекеме ашу, әлеуметтік нысандардың алдына арнайы автотұрақ салу, мал терісін қабылдайтын орын ашу мәселелері көтерілді. Аудан әкімі nұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, айтылған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.