Үшана ауылының тұрғындарымен кездесу

Үшана ауылының тұрғындарымен кездесу

Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев жұмыс жоспарына сәйкес Сулыкөл ауылдық округіне қарасты Үшана ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген Сулыкөл ауылынан Үшана ауылына дейінгі аудандық маңызы бар жолға грейдер салу бойынша ЖСҚ дайындау, қыс мезгілінде ауылішілік жолды қардан аршу үшін шаруақожалық иелерімен меморандум жасақтау, аудандық маңызы бар жолды күтіп ұстау бойынша ұсыныс-пікірлерін тыңдалды. Аудан әкімі көтерілген мәселелердың басты назарда болатынын ескертіп, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, аудан әкімі әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты.