«Туған жерім-тұғырым» фестивалі аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды

«Туған жерім-тұғырым» фестивалі аясында  концерттік бағдарлама ұйымдастырылды

Қаратөбе ауданының 95 жылдығына орай «Туған жерім-тұғырым» фестивалі аясында апта сайын ауылдық округ өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып келеді. Бекітілген жоспарға сәйкес Шөптікөл ауылы көркемөнерпаздарының мерекелік концерті өтті. Мерекелік кешті Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Б.Муса ашып, республикалық байқаулардың лауреаты Р.Ақташевтың орындауында «Жан қалауы жазирам» әнімен жалғасын тапты.

Сонымен қатар, «Әжелер» ансамблі және ауыл өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Кеш соңы ауыл тұрғындарынан құралған «Шөптікөл» вокалды аспаптар ансамблі және  трионың әнімен қорытындыланды.

Ән фестивалі алдағы аптада Егіндікөл ауылдық округі көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын таппақ.