Ханкөл ауылының тұрғындарымен кездесу

Ханкөл ауылының тұрғындарымен кездесу

Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев жұмыс жоспарына сәйкес Жусандой ауылдық округіне қарасты Ханкөл ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген ескі мектеп ғимаратынан балабақша ашу, Ханкөл ауылынан Самара-Шымкент республикалық маңызы бар жолға дейінгі 13 км жолды күрделі жөндеу, ұялы байланыс сапасын арттыру, аудандық маңызы бар жолды уақытылы күтіп ұстау бойынша ұсыныс-пікірлерін тыңдалды. Аудан әкімі көтерілген мәселелердің басты назарда болатынын ескертіп, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берді. Кездесуден соң ауыл тұрғындарына жеке қабылдау жүргізілді. Сонымен қатар, аудан әкімі Ханкөл ауылында салынып жатырған 60 орындық мектептің құрылысымен танысты.