
Бүгін аудан орталығындағы орталық базарда ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Ұйымдастырылған жәрмеңкеге аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев қатысып, Қаратөбе, Жусандой, Сулыкөл ауылдық округтерінен әкелінген өнімдермен танысты. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы алғашқы ұйымдастырылған ұжымдық бақшаның өнімдері жәрмеңкеге шығарылды.