Қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесу

Қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесу

Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев жұмыс жоспарына сәйкес аудандағы «Аналар кеңесі» және «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудандағы гендерлік саясаттың жүзеге асырылуы, әйел адамдардың қоғамдағы рөлі, сонымен қатар аталған қоғамдық ұйымдардың атқарған жұмыстары жөніндегі мәселелер талқыланды.

Кездесу соңында ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы уақытта тиісті шаралар қабылданатындығы айтылды.