Ауданның жас кәсіпкерлерімен кездесу

Ауданның жас кәсіпкерлерімен кездесу

Қаратөбе ауданының әкімі Қ.Сүйеуғалиев аудандық кітапхана ғимаратының мәжіліс залында ауданның жас кәсіпкерлерімен және кәсіпкерлікке ниет етіп жүрген аудан жастарымен кездесті. Кездесу барысында кәсіпкерлік саласы бойынша жастарды толғандырып жүрген сұрақтарына жауап беріп, шағын және орта бизнесті қолдау бағытында елімізде қабылданып жатырған бағдарламалар, төмен пайызды несие, гранттар жөнінде ақпараттармен бөлісті.

Кездесуге келген жас кәсіпкерлер өздерінің кәсіп жолына қалай келгені жөнінде ойларымен бөлісіп, кейінгі жастарға ақыл-кеңестерін берді.

Кездесу соңында аудан әкімі аудан жастарының айтқан ұсыныс пікірлерін тыңдап, ауданымыздың шағын және орта бизнесін дамытамын деген жастарға жергілікті атқарушы билік тарапынан үнемі қолдау болатынын жеткізді.