
Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев жұмыс жоспарына сай Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Шөптікөл ауылында болды.
Алдымен округ орталығындағы әлеуметтік нысандардың, атап айтқанда балабақша, мектеп, ауылдық клуб, Қаратөбе колледжі мекемелерінің жұмыстарымен танысып, мекеме тазалығын және жылыту маусымына дайындықтарын қаралды. Сонымен қатар, аудан әкімі ауылдағы кәсіпкерлік нысаны құрылыс заттарын сататын сауда кешенінде болды. Сапар соңында әлеуметтік нысандардың қысқы жылыту маусымына дайындығы және ауыл тазалығына қатысты кейбір мәселелері бойынша ауыл әкіміне тиісті тапсырмаларын берді.