Қоскөл ауылдық округіне жұмыс сапары

Қоскөл ауылдық округіне жұмыс сапары

Қаратөбе ауданының әкімі Қ.Сүйеуғалиев Қоскөл ауылдық округінде жұмыс сапарымен болып, «Ауыл аманаты» пилоттық бағдарламасына қатысушы ауыл тұрғындарымен кездесті. Жобаға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Аудан әкімі Қоскөл ауылдық округіне қарасты Қоскөл ауылында болды. Алдымен ұжымдық бақша жұмысымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралады. Округ орталығындағы мектеп, дәрігерлік амбулатория, ауылдық клубтың жұмыстарымен танысып, жылыту маусымына дайындықтарын қарады. Аталған нысандардың жылыту жүйелеріндегі ақауларын ретке келтіру жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар, мал азығын дайындап жатқан шаруалармен кездесіп, шөп шабу науқанының жүру барысы жөнінде ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Қоскөл ауылдық округіне қарасты Шалғын ауылында болып, елді-мекенде құрылысы жүргізіліп жатырған 60 орындық мектептің және ауылішілік су құбырының құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырған мердігерлерге жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтау қажет екенін тапсырды.