Қаракөл ауылдық округінде өткен кездесу

Қаракөл ауылдық округінде өткен кездесу

Қаратөбе ауданының әкімі Қ.Сүйеуғалиев жұмыс жоспарына сәйкес Қаракөл ауылдық округінде болып, ауыл ардагерлерімен кездесті. Кездесу барысында ардагерлер тарапынан аудандық маңызы бар автомобиль жолын күтіп ұстау, электр мамандарының тапшылығы, су тасқынынан залал келтірілген өткелді ретке келтіру сынды мәселелер көтерілді. Аталған мәселелер бойынша тиісті жауаптарын берілді.

Аудан әкімі Қаракөл ауылдық округіне қарасты Ақтай-сай ауылында болып, ұжымдық бақша, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды  аралады. Округ орталығындағы мектеп, фельдшерлік акушерлік пункт, ауылдық клубтың жұмыстарымен танысып, жылыту маусымына дайындықтарын қарады. Аталған нысандардың жылыту жүйелеріндегі ақауларын ретке келтіру жөнінде тапсырма берді.

Сонымен қатар, мал азығын дайындап жатқан шаруалармен кездесіп, шөп шабу науқанының жүру барысы жөнінде ұсыныс-пікірлерін тыңдады.