Қаракөл ауылдық округіне жұмыс сапары

Қаракөл ауылдық округіне жұмыс сапары

Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев жұмыс жоспарына сәйкес Қаракөл ауылдық округінде болып, ауыл ардагерлерімен кездесті. Кездесу барысында ардагерлер тарапынан аудандық маңызы бар автомобиль жолын күтіп ұстау, электр мамандарының тапшылығы, су тасқынынан залал келтірілген өткелді ретке келтіру сынды мәселелер көтерілді. Аталған мәселелер бойынша тиісті жауаптары берілді.

Сонымен қатар, аудан әкімі Қаракөл ауылдық округіне қарасты Ақтай-сай ауылында болып, ұжымдық бақша, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды  аралады. Округ орталығындағы мектеп, фельдшерлік акушерлік пункт, ауылдық клубтың жұмыстарымен танысып, жылыту маусымына дайындықтарын қарады. Аталған нысандардың жылыту жүйелеріндегі ақауларын ретке келтіру жөнінде тапсырма берілді.

Мал азығын дайындап жатқан шаруалармен кездесіп, шөп шабу науқанының жүру барысы жөнінде ұсыныс-пікірлері тыңдалды.