
24 шілде күні Қаратөбе ауданының әкімі Қ.Сүйеуғалиев аудандағы «Жасыл ел» бағдарламасы аясында еңбек жасағында жүрген аудан жастарымен кездесті.
Кездесу барысында сарбаздардың ауылдың тазалығына қосып жатырған үлесімен қатар, жастардың жастайынан еңбекке араласып, жауапкершіліктерін арттыруы, қоғамдық жұмыстарға араласуы болашақтағы еңбек жолында жақсы маман болып қалыптасуына оң септігін тигізетінін атап көрсетті.
Кездесу соңында аудан әкімі еңбек жасағында жұмыс жасап жатырған жастарға алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.