
Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев жұмыс жоспарына сәйкес аудандағы қоғамдық ұйым төрағалары және еңбек ардагерлерімен кездесті. Кездесуге облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы М.Берген, өлкетанушы Т.Сағынов қатынасты. Күн тәртібінде аудандық ардагерлер кеңесінің атқарған жұмыстары тыңдалып, ардагерлер тарапынан зейнеткерлерге көрсетілетін медициналық көмек және демалыс орындарына жолдама беру мәселелері көтерілді.