Аудан әкімі Ақтай-сай ауылының тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Ақтай-сай ауылының тұрғындарымен кездесті

2023 жылдың 18 шілде күні Қаратөбе ауданының әкімі Қ.Сүйеуғалиев Қаракөл ауылдық округі тұрғындарының ұсынысына сәйкес, ауылдық округ орталығы Ақтай-сай ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Жиын барысында аудан басшысы су мәселесі, соның ішінде су жинаушы мұнараға қосымша су сорғылар сатып алу, электр желілерін жөндеу мәселесі, электр мамандарының тапшылығы, жолдарды күтіп-ұстау мәселесі көтерілді. Сонымен қатар, Алакөл ауылындағы мобильді желінің нашарлығы, тұрмыстық қалдықтарды төгетін орынның тазалығы сыңды өзекті мәселер бойынша халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Аудан әкімі халықтың көтерген мәселелері басты назарда болатынын ескертіп, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, аудан әкімі тұрғындардың жеке мәселелері туралы жеке қабылдау жүргізді.