
Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев жұмыс сапарымен Соналы ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындардың көтерген өзекті мәселелері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Содан соң, 60 орындық мектеп құрылысын жүргізіп жатырған мердігермен кездесіп, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.