Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы Қаратөбе ауданында жұмыс сапарымен болды

Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы Қаратөбе ауданында жұмыс сапарымен болды

БҚО ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағамбетов және сала мамандары жұмыс сапарымен ​ Қаратөбе ауданына келді.

Жиында күн тәртібіндегі мәселеге орай аудандық ветеринариялық станциясының директоры Азамат Есенаманов 2023 жылдың 6 айында​ атқарылған ветеринариялық іс-шаралар туралы баяндама жасады.

Жиында қаңғыбас иттер санының артуы, қолдан ұрықтандыру​ жұмыстарын қайта​ жандандыру, бруцеллезге қарсы вакцина егу сынды мәселелер көтеріліп, басқарма басшысына ұсыныс тасталды.

Кезегінде сөз алған БҚО ветеринария басқармасының басшысы Серік Базарұлы аталған мәселелер орынды екенін жеткізіп, ретімен жұмыс атқарылатындығын жеткізді. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Қ.Орынбасарұлы аудандық ветеринариялық станциясына әркез қолдау көрсететіндігін атап өтті.