Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары аудан тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары аудан тұрғындарымен кездесті

11 шілде күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Құспан Абзал Темірғалиұлы және "АМАNАТ" партиясы  фракциясының  мүшесі  Имашева Снежанна Валерьевна Жусандой ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесу өткізді. Ауыл халқының толғандырған мәселелерін тыңдады.

Сонымен қатар кездесу барысында аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев Жусандой ауылдық округі бойынша жалпылама маңызды мәселелерді айтып, «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» жобалар бойынша атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Сөз алған ауыл тұрғындары Парламенті Мәжілісінің депутаттарына ауылдық елді мекендерді ұстап қалу жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жусандой ауылдық округіне қарасты Ханкөл елді мекеніндегі салынып жатырған мектеп құрлысымен де  танысты.