Аудан әкімінің төрағалығымен кеңес өтті

Аудан әкімінің төрағалығымен кеңес өтті

4 шілде күні аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиевтің төрағалығымен аудандық мәслихат залында шөп шабу науқанының өту барысы және жылыту маусымына дайындық жұмыстары туралы кеңес өтті. Күн тәртібіндегі мал азығын дайындау бойынша ауылдық округ әкімдерінің хабарламаларын тыңдалды. Сонымен қатар, кеңес барысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары бойынша әлеуметтік нысандардың басшылары және  су, газ, электр желісі мекемелерінің басшылары ағымдағы жылы атқаратын жұмыстарды баяндады.

Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі аудан әкімінің орынбасарларына, тиісті сала басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.